Қасым-Жомарт Тоқаев авиация саласын цифрландыруды және кадр тапшылығын жедел шешуді тапсырды

129

Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев авиация саласын цифрландыруды және кадр тапшылығын жедел шешуді тапсырды Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев авиация саласын цифрландыруға баса назар аударды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау нарығындағы өзара ықпалдастық "бірыңғай цифрлық терезе" қағидаты бойынша жүргізілуге тиіс. 2019 жылы әуе көлігімен жүк тасымалдау үдерісін жеңілдетуге бағытталған "E-freight" жүйесі іске қосылды. Бірақ бүгінге дейін бұл жүйенің қызметі шектеулі күйінде қалып отыр. Құжаттарды ресімдеуді кешіктіру фактілері бар, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, өзекті мәселенің бірі – авиация саласына қажетті кәсіби мамандар даярлау.

– Білікті кадрлар болмаса, реформаларды жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл салада кадр тапшылығы қатты сезіліп отыр. Жыл сайын жүздеген маман керек болуда. Осы мәселені шұғыл шешу қажет. Үкіметке кадр даярлау жүйесін реформалауға қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырамын. Халықаралық білім-ғылым мекемелерімен байланыс орнату қажет. Сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыратын құзырет орталықтарын құру керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы көлік және логистика саласын дамытудың стратегиялық мәні зор екенін айтып, бұл мәселені өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу