"Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Биыл бұл күн халықты жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамту тақырыбына арналып отыр. Қазақстанда денсаулық сақтау саласына республикалық бюджеттен 1 трлн 180 млрд теңге бөлінген. Көп шара атқарылып жатыр, оның ішінде ТМККК аясындағы жұмыстар да бар",– деп жазды мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірлерде медициналық қызмет алуда қиындықтардың барын айтады.
"Дегенмен бұл жеткіліксіз. Әлі күнге дейін аймақтарда қарапайым медициналық қызмет алуда қиыншылықтар бар. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда", – дейді Президент.