Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

524

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бірікке Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянның қайтыс болуына байланысты Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға және шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

"БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Наһаянның қайтыс болуына байланысты Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға және шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айттым. Шейх Халифа Әмірліктердің дамуы мен халқының игілігі жолында ұзақ жылдар бойы қалтқысыз қызмет етті. Қазақстан халқы шейх Халифа Әл Наһаянды екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға сүбелі еңбек сіңірген тұлға ретінде есте сақтайды. Марқұмның иманы саламат болсын!",-делінген жазбада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу