Заманауи үлгіде жабдықталған нысанда жыл бойы спортпен айналысуға жағдай жасалған.
Академияда қазір 780 бала үздік халықаралық тәжірибе бойынша жаттығады.

Онда спорт залдары, әкімшілік, оңалту, ем-дом және басқа да қызмет көрсету кабинеттері орналасқан.

Мемлекет басшысы академияны аралап көріп, жасөспірімдермен және жаттықтырушылармен әңгімелесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды зиянды әрекеттерден сақтау үшін оларды спортқа көптеп тартудың маңызы зор екенін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу