Қасым-Жомарт Тоқаев Барселонадағы қанды оқиғаға байланысты көңіл айтты

1062

Қасым-Жомарт Тоқаев Барселонадағы қанды оқиғаға байланысты көңіл айтты

17 тамыз күні Барселонаның Рамбла көшесінде микроавтобус жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кетіп, 13 адам қаза болып, 100-ден аса адам жарақат алған еді. Бұл оқиғаны кездейсоқ жол-көлік апаты деуге келмейді. Полиция өкілдері орын алған жағдайды террористердің әрекеті деп отыр, деп хабарлайды Интерфакс.

Қайғылы оқиғаға кінәлі автокөліктегі испандық жолаушы отыратын орындықта көз жұмған, оны белгісіз біреу пышақтап кеткен.

Біраз уақыт өткен соң қаланың басқа бір көшесінде белгісіз ер адам полиция қызметкерлерін мәшинемен қағып өткен.

6 адам зардап шегіп, шабуылдаған 5 адам өлтірілді. Бұл оқиғаның барлығы бір-бірімен байланысты дейді құқық қорғаушылар.

Терактіні Ресейде рұқсат етілмеген "Ислам мемлекеті" тобы ұйымдастырғандарын хабарлады.

ҚР парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиға туралы: "Испанияда, Католониядағы болған бұл жан түршігерлік терактіге кінәлілерді айыптаймыз. Шын көңілден көңіл айтамыз", - деп жазды Твиттер әлеуметтік желісінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу