Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады

750

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Королі Филиппке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы "Бернд" циклонынан туындаған толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Осындай ауыр сәтте жақындарынан айырылған азалы отбасылардың орны толмас қайғыларына ортақтаса отырып, Сізге және бүкіл бельгиялықтарға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Табиғи апаттан жараланғандардың тез арада сауығып кетуіне және із-түссіз жоғалғандардың аман-есен отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу