Қасым-Жомарт Тоқаев білім алған қытайлық университеттің филиалы Астанада ашылады

247

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Бейжің Тіл және мәдениет университетінің Астанадағы филиалы ашылатынын мәлімдеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев білім алған қытайлық университеттің филиалы Астанада ашылады Фото: sacteach.com

Бұл ЖОО-да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қытай тілін үйренген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"ҚХР төрағасының сапары аясында бізде Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады. Бұл –Қытайдың лингвистикалық, аударма және педагогикалық жетекші университеті. Оны "Қытайдағы БҰҰ" деп те атайды. Бұл университеттің бас түлегі – біздің Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы. Президент сол жерде қытай тілін үйренген. Ресми ашылу шілде айының басында болады және мұнда алғашқы HSK сертификаттау орталығы ашылады. Бұл – TOEFL немесе IELTS сияқты қытайлық сертификат. Сондықтан қытай тілін үйренетіндерге ешқайда барудың қажеті жоқ, Астанада сынақ тапсыра алады", - деді министр Саясат Нұрбек.

Жаңа университет филиалы ЭКСПО аумағында орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу