Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім жөніндегі кеңес мүшелерін қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім жөніндегі кеңес мүшелері Ораз Жандосов пен Бағдат Мусинді қабылдап, елдің экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқылады. Сондай-ақ инвестициялық жобалардың және Қазақстанды цифрландыру жұмыстарының жүзеге асырылуы туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы белгілі әнші Тамара Асарды қабылдап, еліміздегі мәдениеттің қазіргі жағдайын талқылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу