Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар сенат депутатының өкілеттігін тоқтатып, бірқатарын тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары:
Сергей Николаевич Громовтың;
Георгий Владимирович Кимнің;
Дулат Рашитұлы Қосдәулетовтің;
Рашид Төлеутайұлы Түсіпбековтің өкілеттіктері тоқтатылды.
Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары болып:
Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед;
Андрей Иванович Лукин;
Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева;
Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен;
Дана Өмірбайқызы Нұржігітова;
Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов тағайындалды.