Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

1656

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті  Шавкат Мирзиёевпен, Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянмен, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен және Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев оларға Қазақстандағы қазіргі жағдай туралы және елімізде конституциялық тәртіпті қалпына келтіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.

Шетелдік көшбасшылар Қазақстан басшылығының жағдайды реттеу жөніндегі іс-қимылдарын қолдайтынын айтып, елімізбен арадағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендерін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу