Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдерге елші тағайындады

419

Бұл туралы ақпаратты Ақорданың ресми сайты жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдерге елші тағайындады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанның, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться