Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшіні тағайындады

219

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшіні тағайындады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының жарлықтарымен: 

Оңталап Серікбайұлы Оңалбаев Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды; 

Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; 

Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу