Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесті

515

Мемлекет басшысын 70 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесті Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жылдық мерейтойымен Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко және БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян телефон арқылы құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, достас Қазақстанды өркендету жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметте оның табысқа жете беруіне тілектестік білдірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу