Ақорданың баспасөз қызметі осы аптада Президенттің қатысуымен өтетін іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
21 маусымда Мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматистермен кездеседі.
23 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысады.
24 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейдегі "БРИКС+" диалогының саммитінде бейнебайланыс арқылы сөз сөйлейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу