Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.
"Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 20:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейнеүндеу жасайды. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді", - деп жазды Берік Уәли.
Жиынның тікелей көрсетілімін БҰҰ-ның веб-сайтынан көруге болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу