Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл – уақытша дүрбелең

904

"Індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар".

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл – уақытша дүрбелең

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавиурсқа байланысты енгізілген төтенше жағдайға қатысты телевизиялық үндеуінде азаматтарды өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсетуге шақырды.

"Сақтанғанды Құдай сақтайды. Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл – уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек! Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауға тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет. Еліміздің барлық азаматтары өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсетеді деп сенемін. Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек. Дерттің алғашқы белгілері пайда болған жағдайда, бірден тұрғылықты жердегі дәрігерге қаралу қажет. Бәріміздің азаматтық жауапкершілігіміз осындай сәтте сыналады. Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу