Қасым-Жомарт Тоқаев: Бюджетке қатысты көзқарасымызды түбегейлі өзгертуге тиіспіз

743

Президент жергілікті әкімдердің көлікті, жиһазды аса қымбатқа сатып алатынын сынады.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бюджетке қатысты көзқарасымызды түбегейлі өзгертуге тиіспіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" және "Айқын" газеттеріне сұхбат берді.

 "Халықтың нақты табыс табуына қатысты мәселелерді тек бюджеттік шығындар есебінен шешу мүмкін емес екенін де түпкілікті түсінгеніміз жөн. Біз бюджетке қатысты көзқарасымызды түбегейлі өзгертуге тиіспіз", – деді мемлекет басшысы сұхбатта.

Президент жергілікті әкімдердің көлікті, жиһазды аса қымбатқа сатып алатынын сынады.

"Жергілікті атқару органдары түрлі имидждік іс-шараларды өткізуге құмар. Осындай шығындарды тоқтатып, жергілікті бюджет қаржысын әлеуметтік іс-шараларға жұмсау керек. Жалпы, ысырапшылдыққа тосқауыл қою қажет, сондай-ақ, бюджеттің жымқырылуын мүлдем жою керек. Масылдық пиғылға да жол бермеуіміз керек. Азаматтарымыз үшін ең ұтымды әлеуметтік қорғау – бұл өз бизнесін жүргізуге мүмкіндігінің болуы немесе білікті еңбегі үшін лайықты еңбекақы алуы", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу