Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
- Мемлекет басшысы Қазақстанда біраз жылдан бері жұмыс істеп, күрделі инфрақұрылымдық шешімдерді табысты іске асырған СССС компаниясы бүгінде сенімді әрі кәсіби серіктес ретінде танылғанын айтты.
- Президент Бақты – Аягөз теміржол құрылысының стратегиялық мәніне назар аударды. Бұл желі Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді.
- Бұдан бөлек, Каспий теңізінің табанын тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін бірлескен кәсіпорын құрудың маңызы атап өтілді.
- Мемлекет басшысы бірлескен кәсіпорын Каспий маңы елдері мен одан тысқары жерлерде қауіпсіз теңіз қатынасын қамтамасыз ету қызметін ұсынатын өңірлік орталық қалыптастыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.
- Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы келешегі зор бастамалар талқыланды.
- Қасым-Жомарт Тоқаев осы сапар аясында Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясы құрылысының жобасын бірлесе әзірлеу туралы келісімге қол қойылуын құптады.
- Мемлекет басшысының айтуынша, бұл нысан ұлттық энергия жүйесін нығайта түседі.
- Қуаттылығы 600 MBт болатын гидростанцияны СССС компаниясына еншілес China International Water & Electric Corporation кәсіпорнының қатысуымен Алматы облысындағы Қарғалы өзенінде салу жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу