Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлерге жалақы мен сыйақы уақтылы төленуі керек

1833

Қазіргі уақытқа дейін Алтай Көлгінов қалаға 3600-ден астам автокөлік кіргенін жеткізді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлерге жалақы мен сыйақы уақтылы төленуі керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге жалақы мен сыйақыны уақтылы төлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Дәрігерлер, медбикелер қазір өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Жұмыстары ауыр. Түсінеміз. Оларға тағы да алғысымды айтқым келеді. Оларға толығымен жалақылары мен сыйақыларын уақтылы төлеу керек", –  деп тапсырды Президент Үкімет мүшелерімен елордадағы блок-бекеттерді аралау кезінде.

Айта кетсек, бүгін Президент Үкімет мүшелерімен бірге елордадағы блок-бекеттерді аралап шықты. ҚР Президенті Телерадиокешені жариялаған видеода Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың баяндама жасап жатқанын көруге болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу