Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың шақыруымен Швейцарияға барады

328

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың шақыруымен Швейцарияға барады Фото: Ақорда

"22 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады", – делінген хабарламада.

Ақорда Ақ үйден шақырту алғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Қасым-Жомарт Тоқаев Газа бойынша Бейбітшілік кеңесіне Трамптың ұсынысымен қатысады. Бұл ақпаратты ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу