Президент жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігінің Шымкент қаласы полиция департаменті "Тұран" ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі Арман Әріпжанов пен Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы полиция департаменті Сарысу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі Бекен Қоңысов марапатталды.
Айта кетейік, биыл 20 ақпанда Арман Әріпжанов өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Шымкент қаласындағы қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні құрықтады. Ал Бекен Қоңысов 19 ақпанда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қарулы қылмыскерлердің жолын кесіп, батылдық пен ерлік танытты.