Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Конвенциясының қабылданғанына 60 жыл толуына орай ЭЫДҰ-ға мүше мемлекет және үкімет басшыларының, ЕО мен Коста-Рика басшыларының қатысуымен өтіп жатқан онлайн форумында бейне үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
Іс-шара 15 желтоқсанға дейін жалғасады.
Форумды Франция президенті Эммануэль Макрон, Испания Премьер-министрі Педро Санчес және ЭЫДҰ бас хатшысы Анхель Гуррия бірлесіп өткізіп отыр. Іс-шарада әлемдік экономиканың жай-күйі, ұзақ мерзімді үрдістер және ЭЫДҰ-ның "жақсы өмір үшін жақсы саясат" ұстанымын қалыптастыруға қосқан нақты үлесі қорытындыланады.
Мемлекет басшысы өзінің бейне үндеуінде Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары мен басымдықтары жайында айтты.