Қасым-Жомарт Тоқаев ел атауын "Қазақ Республикасы" деп өзгертуге қатысты пікірін айтты

3113

Оның айтуынша "Қазақстан" сөзінің түбірі онсыз да ­– "қазақ".

Қасым-Жомарт Тоқаев ел атауын "Қазақ Республикасы" деп өзгертуге қатысты пікірін айтты Фото: inform.kz

"Қазақстан" атауын "Қазақ Республикасы" деп өзгертуге ешқандай негіз де, қажеттілік те жоқ. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп пікір білдірді. 

Оның айтуынша "Қазақстан" сөзінің түбірі онсыз да ­– "қазақ".

"Бізге не үшін керек ауыстыру? Атау "Қазақстан Республикасы" деп қалу керек", – деді Тоқаев журналистерге.

"Елбасымыз қаншама Халықаралық келісімшарттарға Қазақстан Республикасы атынан қол қойды. Мемлекетті қайта атау туралы ешқандай негіз де, мағына да жоқ, бізде өзге мәселе қалмаған ба", – деп қысқа қайырды палата спикері.   

Еске сала кетсек, жақында "Ақ Жол"-дың депутаттық фракциясы премьер-министрден ел атауын "Қазақ Республикасы" деп ресми өзгертуді ұсынған. Аталған депутаттық сауалды "Ақ Жолдың" төрағасы Азат Перуашев жеткізді. 

Мемлекетті "Қазақ Республикасы" деп атау туралы тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде, 1991 жылы айтылған. Алайда елде түрлі этнос өкілдері тұратыны ескеріліп, "Қазақстан" деп атау ұйғарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу