Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

168

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады Фото: t.me/aqorda_resmi

"Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!" – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу