Қасым-Жомарт Тоқаев елге ресейлік жаңа "Спутник лайт" вакцинасын жеткізуді тапсырды

601

Президенттің тапсырмасымен Ресейдік жаңа вакцинасы қазақстандық фармалаңдарға жеткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев елге ресейлік жаңа "Спутник лайт" вакцинасын жеткізуді тапсырды

"Келесі мәселе өндірушілердің вакциналар желісін кеңейтуге қатысты болып отыр. Бұл ретте саланың көшбасшыларымен жұмыс жүргізу керек. Отандық фармалаңдарға ресейлік жаңа "Спутник лайт" вакцинасын жеткізу және оны өндіру мәселесін талқылау керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте.

Сонымен қатар QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тезірек тіркеу мәселесін де қозғады. Бұл Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктерінің жұмысы.

"Екіжақты келісімдер аясында үшінші елдердің нарығында QazVac вакцинасын ілгерілету ісін ұйымдастыру керек. Үкімет бұл мәселені ерекше бақылауына алып, бір айдың ішінде жұмыс нәтижесін маған баяндасын", - деді ол.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу