Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі мұнай саласын дамытуға үлес қосып жатқан компанияларды атады

191

Мемлекет басшысы мұнай мен газды еліміздің стратегиялық ресурсы әрі мемлекет экономикасының тірегі деп атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі мұнай саласын дамытуға үлес қосып жатқан компанияларды атады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысмы еліміздегі мұнай саласын дамытуға үлес қосып жатқан компанияларды атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Chevron, ExxonMobil, CNPC, Eni, Shell, ЛУКОЙЛ, Total және Sinopeс сияқты жетекші әлемдік мұнай-газ корпорациялары елімізде аталған саланы дамытуға ерекше ықпал етіп отыр.

– Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ кен орындарын игеру, Каспий құбыр желісі консорциумы жобасын іске асыру – мемлекет пен инвесторлар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі. Қазақстан бұл салада ашық және жан-жақты ойластырылған саясат жүргізу арқылы жаһандық экономикаға дендеп еніп, үлкен көлемде инвестиция тартып жатыр, – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу