Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Беларусьтегі жаңадан тағайындалған елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы Асқар Бейсенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Беларусь Республикасымен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті.
Соңында Қазақстан Президенті Асқар Бейсенбаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу