Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

498

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады Фото: akorda.kz

Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылап, аймақтағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Екі ел үкіметтері арасындағы табысты өзара іс-әрекет, соның ішінде өзара тауар айналымының оң қарқыны туралы айтылды.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, бауырлас Тәжікстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу