Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

855

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келер жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығымен құттықтағаны үшін ризашылығын білдірді.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері барлық сала бойынша екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық аренада сындарлы ықпалдастық орнатқанын айтты.

Мемлекеттер басшылары өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылай отырып, 2020 жылы Қазақстан астанасында кездесуге уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу