Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министріне тапсырма берді

1327

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министріне тапсырма берді Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2019 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша министрліктің жұмысы жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президентіне жанармай нарығының тұрақты жағдайы, мұнай-газ секторының дамуы, мұнай өңдеу зауыттарының ахуалы және энергетика саласына тартылатын инвестициялардың оң қарқыны туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы энергетика саласының дамуына оң баға беріп, аталған бағыттағы жұмысты жандандыра беру жөнінде тапсырма берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу