Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды туған күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективасын талқылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу