Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді құттықтады

287

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Телеграм парақшасында жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді құттықтады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде жазылуымен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент атап өткендей, бұл тарихи уақиға аты аңызға айналған отандасымыздың жаһандық спорттағы қолтаңбасы айрықша маңызға ие екенін айғақтайды. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы шынайы келбеті мен беделін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесін көрсетеді.

Мемлекет басшысының пікірінше, Геннадий Головкин – еліміздің мақтанышы әрі халықаралық спорт қоғамдастығындағы елшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзіндегі ең үздік боксшылардың бірінен үлгі алған жас спортшыларымыз жігерленіп, биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді.

Айта кетейік, АҚШ-тың Нью-Йорк штатының Канастота қаласында өткен салтанатты іс-шараның басты тұлғаларының бірі Халықаралық бокс даңқы залына қабылданған Қазақстанның алғашқы өкілі Геннадий Головкин болды.

Головкинді Даңқ залына қабылдау алдында америкалық жанкүйерлер ерекше құрметпен қарсы алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу