Қасым-Жомарт Тоқаев Goldman Sachs компаниясының президенті Дэвид Соломонмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Дэвид Соломонға компаниясының Қазақстандағы жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыруға қатысқаны, сондай-ақ, 2018 жылы АХҚО биржасы акционерлерінің қатарына кіргені үшін алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Goldman Sachs компаниясымен ынтымақтаса отырып, Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты. Атап айтқанда, АХҚО-мен өзара іс-қимыл аясын кеңейту және қазақстандық компаниялардың IPO-ға шығуына жәрдемдесу мәселелерінде тығыз жұмыс істеуге ниет білдірді.