Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады

4045

Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке анасы Огулабат Бердімұхамедованың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады Фото: sputnik.kz

"Анаңыз – қадірлі Огулабат Бердімұхамедованың қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Огулабат эдженің өмір жолы өз Отанына және халыққа деген шынайы сүйіспеншіліктің, сондай-ақ даналықтың, рухани байлықтың және үлкен мейірімділіктің үлгісі саналады. Орны толмас қайғыңызға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарыңызға көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу