Қасым-Жомарт Тоқаев: Халықаралық беделге де нұқсан келуде

1181

Парламент сенатының спикері Астананың жауын жауса болды, су астында қалатынына реніш білдірді.

 Қасым-Жомарт Тоқаев: Халықаралық беделге де нұқсан келуде

Астана табиғаттың дүлей күшіне, оның ішінде нөсер жаңбырға дайын емес, осының салдарынан елорданың беделіне нұқсан келіп отыр. Бұл туралы парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Қасым-Жомарт Тоқаев: "Президенттің берген  тапсырмасына қарамастан, Астана қатты нөсер жаңбыр мен табиғат апаттарына дайын емес екенін үнемі көрсетіп отыр. Елорданың тұрғындары ғана зардап шегіп отырған жоқ, сонымен қатар халықаралық беделге де нұқсан келуде", - дейді ол.
"Бұл проблеманы елорданың 20 жылдығының алдында шешуге болатын. Сенаторлар шұғыл шара қабылдауды талап етеді", - деп атап кетті ол.

Бұған дейін хабарланғандай, Астанада бір түнде бір айда жауатын жаңбыр жауған. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жұмысқа 11 тазарту имараты, 2 тоған-жинағыш, 15-ке жуық насос станциясы, шамамен 110 ассенизаторлық машина мен басқа техника тартылған.
Қала әкімдігі жауын-шашынның көп жауғанына қарамастан, жағдай бақыланып отырғанын мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу