Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады

145

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарын құттықтады Фото: И.Қожасбайдың жеке мұрағатынан

Мемлекет басшысы Барселона қаласында өткен халықаралық STEM олимпиадасында, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырылған химия пәнінен халықаралық олимпиадада жеңіске жеткен қазақстандық оқушыларға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұны еліміздің абырой-беделін арттыра түсетін тарихи жетістік ретінде бағалады.

– Бұл – Қазақстанда білім беру саласы қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Мемлекет жастардың сапалы білім, тағылымды тәрбие алуына әрдайым баса мән береді. Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Жарқын жеңістеріңіз көп болсын! – деп жазды Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу