Қасым-Жомарт Тоқаев: Халықаралық резервіміз – 90 млрд доллар

2510

Мемлекет басшысы экономика тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажет резерв бар екенін мәлімдеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халықаралық резервіміз – 90 млрд доллар

Президенттің айтуынша, әлемдегі экономикалық катаклизмдер ел ахуалына өз әсерін тигізіп жатыр. 

"Біз коронавирустың жаһандық экономикаға мейлінше кері әсер еткеніне куә болдық. Іс жүзінде бүкіл әлем экономикасын қайта форматтау туралы айтылып отыр. Қазақстан осынау орасан дағдарыстың әсерін сезініп отыр. Экономикалық катаклимздерге қарамастан, біз әлеуметтік шиеленіс пен жұмыссыздықтың артуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараны қабылдаймыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында еліміздің халықаралық резервтері 90 млрд долларға жетті. Бұл экономикамыздың  тұрақтылығын қаматамсыз етуге және мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерін орындауға қажет маңызды кепіл", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық Үндеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу