Huawei Қазақстанда білім беру мен ІТ кадрларын даярлауға үлес қоспақ

153

Кездесу барысында озық технологиялар мен цифрлық шешімдер саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы қарастырылды.  

Huawei Қазақстанда білім беру мен ІТ кадрларын даярлауға үлес қоспақ Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен Huawei компаниясы арасында Инновациялық телекоммуникация технологияларын енгізу және сервер инфрақұрылымын жаңғырту туралы стратегиялық келісімге қол қойылуын құптады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аталған уағдаластық аясында цифрлық трансформация мен орнықты дамуға қатысты бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, компанияның еліміздегі білім беру бастамаларына айрықша назар аударылды. Huawei ақпараттық технология, жасанды интеллект және үлкен дерекқорды талдау салаларында отандық білікті кадрлар даярлау ісіне үлес қосуға ниетті.

Huawei – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен смарт-құрылғылар шығаратын әлемдегі ірі компаниялардың бірі. Халықаралық корпорация 170 елде және аймақта 3 миллиардтан астам пайдаланушыға қызмет көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу