Президенттер екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бері 30 жыл ішінде ынтымақтастықтың әртүрлі саласы бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан мен Иранның көшбасшылары сауда-экономикалық және ықпалдастықтың басқа да бағыттарындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға күш салу қажет деп санайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев "қасіретті қаңтар" оқиғаларына қатысты алаңдаушылық танытып, ниеттестік танытқаны үшін Ибрахим Раиси мен Иран халқына ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы еліміздегі жағдайдың тұрақталғанын атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру шаралары қабылданғанына тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы болашаққа нық сеніммен қарайды.