Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке қоңырау шалып, оны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев оған президенттік қызметте жаңа табыстар мен зор денсаулық тіледі.
Әзербайжан мен Қазақстан президенттері елдеріміз арасындағы достық және бауырластық қатынастар түрлі салаларда дамып келе жатқанын атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесу барысында осы жылдың қараша айында Бакуде өткен СПЕКА саммиті кезінде Әзербайжан және Қазақстан мемлекеттері басшыларының кездесуінде қол жеткізілген барлық уағдаластықтар сәтті жүзеге асырылып жатқаны, Қазақстан Президенті келесі жылы Әзербайжанға мемлекеттік сапармен келетіні атап өтілді.