"Мемлекет жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдап жатыр. Алғашқы медициналық көмек қызметтері күшейтілуде. Үйде халыққа кешенді медициналық қызметтер көрсету үшін 400 мобильді бригада құрылды. Шілде айының соңына дейін олардың саны 3,5 мыңға дейін жеткізіледі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша ауруханалардағы орынын санын көбейту мәселесі де басты назарда.
"Мен нұсқау берген сәттен бастап коронавирусқа шалдыққан науқастарға арналған орын саны 70%-ға артып, 43 мыңға дейін жеткізілді. Бұл жұмысқа әскери дәрігерлер де араласуда. Қарулы күштердің ресурстарының арқасында 500-ден астам орын ашылды. Індеттің қарқынды таралу ошақтарында далалық ауруханалар жасақталуда", – деді Мемлекет басшысы.