Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады.

557

Президент жарлығымен бірқатар тағайындау болды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады.

"Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылды", - делінген Ақорда ақпаратында.

Ал Асқар Жұмағалиев Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

"Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", делінген Президент Жарлығында.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу