Қасым-Жомарт Тоқаев қант қызылшасының егістік көлемін ұлғайтуды тапсырды

978

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қант қызылшасының егістік көлемін ұлғайтуды тапсырды

Мемлекет басшысы өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігінің төмен екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Жергілікті әкімдік агросектор саласының мамандарымен тығыз жұмыс істеуі қажет. Облыста қант қызылшасы, жеміс және көкөніс дақылдарының көлемін көбейтуге мүмкіндік бар. Үкімет келесі жылдан бастап шетелден әкелінетін шикі құрақ қантына импорттық баж салығын салу туралы шешім қабылдады. Осыған орай, облыс әкіміне қант қызылшасы мен жеміс-көкөніс дақылдарының егіс көлемін ұлғайтып, өңдеу кәсіпорындарының қуатын арттыруды тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу