Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіподақ ұйымдарын төл мерекелерімен құттықтады

1125

Бүгінгі кәсіби мереке иелерінің қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауда жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектестігін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев  кәсіподақ ұйымдарын төл мерекелерімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлерін, кәсіподақ қозғалысының ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Президенттің құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

"Кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен жұмысшылары, қозғалыс белсенділері өздерінің уақыттары мен күш-жүгерін еңбек адамының құқығының сақталуына жұмсап жүрген қайраткерлер. Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз, шығармашылық күш-қуаттарыңыз отандастарыңыздың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Біздің еліміздің кәсіподақтары еңбеккерлерге лайықты құрмет көрсетілетін жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға ықпал етуде. Сіздерге қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қызметінде жаңа жетістіктер тілеймін. Кәсіподақтардың әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген даңқты дәстүрі беки берсін!",– делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу