Мемлекет басшысы қазіргідей қиын-қыстау жағдайда еліміз Қатар халқын қолдайтынын жеткізді.
Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің саяси көрегенділігінің арқасында шиеленістің одан әрі ушықпағанын атап өтті.
Сонымен қатар, парасатты басшысы бар Қатар елі аймақтағы ең күрделі мәселелерді шешуде айрықша рөл атқаратынына назар аударды.
Мемлекет басшылары жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыруға уағдаласып, Қатар Әмірінің алдағы уақытта елімізге жоспарланған сапарын талқылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу