Қасым-Жомарт Тоқаев: Қауіптенуге еш негіз жоқ

1256

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетіне алғыс білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қауіптенуге еш негіз жоқ

"Менің тапсырмам бойынша ҰҚК Киберқалқан бағдарламасы аясында сертификат қауіпсіздігін тесттен өткізді. ҚР ақпарат кеңістігі қауіпсіздігі және сертификатты сырттан қауіп төнген жағдайда ғана қолдану мүмкіндігі дәлелденді. Интернет қолданушыларға қолайсыздық жоқ. ҰҚК алғыс білдіремін",– деп жазды Президент twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет басшысы бұл тестілеудің кибершабуылға қарсы техникалық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін көрсеткенін, енді алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді.

"Киберқалқан бағдарламасы бойынша қауіпсіздік сертификатын тестілеудің жедел аяқталуы сырттан қауіп төнгенде техникалық жабдықталу деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Мұндай жағдайлар бұрын болған. Ең бастысы – ҚР интернет қолданушыларына қолайсыздық болмайды. Қауіптенуге еш негіз жоқ",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздігі туралы" ҚР Заңына сәйкес және киберқауіпсіздік пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР ҰҚК қауіпсіздік сертификатын қолдануды тестілеуден өткізді. Бұл сертификат кибер және ақпараттық шабуылдан қатер төнген жағдайда ел азаматтарына алдын ала ескерту береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу