Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан шикізат экспортына ғана арқа сүйеп отыра алмайды

1709

Мемлекет басшысы Қазақстанның ішкі сұранысына байланысты өндіріс бағытындағы саясаты өзгеріссіз қалатынын мәлім етті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан шикізат экспортына ғана арқа сүйеп отыра алмайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші жалпы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Отырыс барысында шикізаттық емес экспортты дамыту мәселесі кеңінен талқылануда. Шараға ірі тұрансұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардың басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып отыр. Отырыста Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов сөз сөйледі.

Жиынды ашқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жалпы отырыстың тақырыбы шикізаттық емес секторды дамытуға арналғанын баса айтып өтті. 

"Ұзағынан созылған шикізаттық суперциклдің аяқталатынын бірнеше рет атап өткен едім. Мұнайға сұраныс мен бағасының ауытқуына қарағанда бұл жолғы конъюнктура ахуалға байланысты тек нарықтық себептермен айқындалмайды. Ол біздің көз алдымызда өтіп жатқан ауқымды технологиялық қозғалысқа бағынады. Ұлттық экономиканы "жасылдандыру" бойынша жоспарлар мен болжамдар мемлекеттік саясаттың нақты іс-шараларына айналып келеді. Бұл қазақстандық экономиканың технологиялық күрделенуі мен ауқымды жасылдануын әртараптандырудың баламасыз екенін дәлелдейді. Қазақстан экономикалық жүйе ретінде ішкі инвестицияға, ішкі сұраныс пен шикізат экспортына ғана арқа сүйей алмайды. Еліміз сапалы шетелдік инвестиция тартуда барынша қолайлы жағдай жасау саясатын жалғастырады. Біз өңірдегі және ТМД-дағы көшбасшылығымызды сақтау қалуға ниетті болып отырмыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ішкі сұранысына байланысты өндіріс бағытындағы саясаты өзгеріссіз қалатынын мәлім етті. 

"Сонымен бірге мұндай іс-шаралар барынша нарықтық болуға тиіс. Олар бұрмалаушылық жасамауы тиіс. Олай болған жағдайда жаһандық немесе өңірлік бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу қиынға айналады", – дейді Президент.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу