3 қаңтар күні "Egemen Qazaqstan" газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақ газеттері" ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлымен көлемді сұхбаты жарияланады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жария етті.
Оның айтуы бойынша, сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады.
Сондай-ақ, Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелері талқыға салынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу