Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Ең алдымен баршаңызды бүгінгі Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Бұл – өзара тілектесті, жаңашылдықты, қамқорлықты дәріптейтін мейрам. Біз осындай ынтымақтастықтың арқасында қаңтардағы қиын қыстау кезеңде мемлекеттімізбен, тұтастығымызды қорғап қалдық. Сын сағатта бірлігін сақтай білген барша отандасымызға зор ризашылық білдіремін", – деді Президент партияның кезектен тыс XXII съезінде.
Оның айтуынша, Nur Otan партиясын жаңғырту туралы алқалы жиынның дәл бүгін өтуінің символдық мәні бар.
"1 наурыз – партияның құрылған күні. 23 жыл бұрын еліміздегі ең басты саяси ұйымның негізі қаланды. Партия халықты ортақ мақсатқа жұмылдырды. Қоғамға пайдалы көптеген бастама көтеріп, сайлаушылардың қолдауына ие болды", – деді Мемлекет басшысы.
Дәурен Ерболат