banner

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына барды

1246

Мемлекет басшысы Қазан қаласына келді. Татарстан астанасының халықаралық әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алды, деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына барды

"Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлінің көрікті жерлерін аралап көреді және Татарстан Президентімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар республиканың өзге қалаларында орналасқан "Камаз" және "Танеко" сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады", – деп жазды Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу